08 желтоқсан 2022 | 12:46

ҰҚК Қазақстандағы ауқымды қолма-қол ақша желісі туралы хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру арнасының жолы кесілгені туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 миллиард теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам, оның ішінде шетелдік азаматтар бар және 500-ге жуық жалған компаниялар мен 5 мың контрагенттер тартылған болып шықты", - делінген ведомство сайтында.

Биыл 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК-ның 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттаған.

Реклама
Реклама

"Осы қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берді.

Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная