Ұлттық қауіпсіздік комитеті шетелдік ведомстволармен бірлесіп, іздеуде жүрген азаматтарды Қазақстанға қайтарды. Толық мәліметті баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Іздеудегі азаматтарды елге қайтару бойынша операция жүргізілген.
"Биыл 7 және 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Баспасөз қызметі мәліметінше, аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
"Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деді ҰҚК өкілдері.