27 қаңтар 2021 13:10

ҰҚК Қазақстанның батысында ұстау операциясын жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның батысында есірткі жеткізуге қатысы бар деструктивті діни ағым жақтастарын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2021 жылы 13 қаңтарда Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД-мен өзара жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде өсімдік тектес есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастыруға қатысы бар бір топ адамды ұстады", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Атырау мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілер қамауда болады.

"Аталған адамдар деструктивті діни ағым ұстанушылары. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп толықтырды ҰҚК өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети