ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2020 | 13:11
ҰҚК "кибержиһадшыларды" ұстады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі "кибержиһадшыны" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі "кибержиһадшыны" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 6-12 желтоқсан аралағында ҰҚК ЦДИАӨМ-мен бірлесіп "Қазақстан киберқалқаны" техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеруге, сонымен қатар, жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қоюға әзірлік деңгейін айқындауға бағытталған "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан - 2020" оқу-жаттығуын өткізді", - делінген хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, оқу-жаттығу нәтижесінде еліміздің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қатысты ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша бірегей тәжірибе алынып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталған.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың инфрақұрылымына және АКИАМО-ға кибершабуылдарды тергеп-тексеру шеңберінде жедел штаб өрістетіліп, тиісті топтар құрылған. Олар шартты бұзушыларды іздестіруге және киберқылмыстардың дәлелдеме базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізген.
"Заңға қайшы әрекеттердің іздерін анықтаумен 2 "кибержиһадшыны" ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілді. БАҚ-та материалдар мен оқу бейнефильмін дайындау үшін ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау және шартты бұзушылардан жауап алу барысы фото, бейне-тіркеумен сүйемелденді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также