17 шілде 2020 11:14

ҰҚК көлігінен 20 келіден асатын марихуана табылған адамды ұстады

Иллюстрациялық фото: nebolet.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі департаменті Жамбыл облысында 20 келіден асатын "марихуана" салынған көлікті құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҰҚК Жамбыл облысы бойынша шекара қызметінің департаменті 2020 жылдың 16 шілдесінде Қордай аудандық полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы тобымен бірлесіп "Ауди-100" маркалы көлігін құрықтады. Қызметтік ит көмегімен оны тінту кезінде багаж бөлімінен белгісіз өсімдік заты бар, скотчпен оралған екі сандық табылып, тәркіленді.

Реклама
Реклама

Сараптама нәтижесі бойынша, тәркіленген құрамның жалпы салмағы 20 келі 575 грамм 120 миллиграмм болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты екені анықталды", - делінген хабарламада. 

Комитет баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ұсталған адам қазір қамауға алынған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram