27 наурыз 2023 09:35

ҰҚК Қырғызстан полициясымен бірнеше сатылы арнайы операция жүргізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Қырғызстан Ішкі істер министрлігімен бірге бірнеше сатылы арнайы операцияның нәтижесінде ауыр есірткілерді контрабандалық жолмен әкелудің тұрақты арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК жедел қызметкерлері есірткі трафиктерін қалыптастыратын елдерде Қазақстан арқылы өзге шет елдерге шығаруға арналған апиын тектес есірткілердің ірі партиясы жинақталғаны жайында ақпаратқа қол жеткізген.

"Кезе-кезеңімен есірткіні тасымалдаудың жолдары мен айламен әкелу схемалары анықталды. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткіні өткізуді ұйымдастырушының өзі шетелдік азаматтың Қазақстанға келетіні туралы нақты мәлімет алынды", - делінген хабарламада.

Жедел қызметкерлердің және "А" Арнайы мақсаттағы қызметтің келісілген әрекеттерінің арқасында Алматы қаласында 100 келіден аса героинды тасымалдау кезінде есірткі арнасының ұйымдастырушысы ұсталған.

Материал соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети