ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді: бөлім басшысы ұсталды

ҰҚК қызметкерлері Қостанай әкімдігінде тінту жүргізді: бөлім басшысы ұсталды Гүлсім Оразбаева. Фото:gov.kz

Қостанайдың білім бөлімі басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Оның ұсталғаны туралы ақпаратты облыстық прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайдың білім бөлімі басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Оның ұсталғаны туралы ақпаратты облыстық прокуратура растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оразбаева Қостанайдың білім бөлімін 2023 жылдан бері басқарып келген. Хабарламаға сәйкес, Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің өндірісінде қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс жатыр. Олар өзге тұлғалармен топтасып, мектептерге бөлінген бюджет ақшасын жымқырған.

"Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысы Оразбаева Гүлсім ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Жарнама
Жарнама

Прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу амалдары, соның ішінде лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілген.

Бұған дейін желіде Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Шенеунік жұмыс орнында ұсталды деген мәлімет айтылды. ҰҚК Келесовке қатысты тергеу жүргізу дерегін растады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама