07 наурыз 2022 | 12:01

ҰҚК қызметкерлері күдіктілерден 114 миллион теңгенің есірткісін тәркіледі

Фото: ҰҚК

23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі ер адамды Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі ер адамды Интернет-ресурстары арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап. 

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 келіден артық "мефедрон" және α-PVP психотроптық заттары алынды.

25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 келіден артық синтетикалық есірткі алынды.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті ер адам ұсталды. Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 келі психотроптық зат алынды.

Алынған есірткінің "қара нарықтағы" алдын ала құны 114 миллион теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.

Осы деректер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Ақтөбе және Өскемен қаласының тергеу соттары ұсталған адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная