ПОДЕЛИТЬСЯ
25 тамыз 2022 | 16:09
ҰҚК Мәсімов пен бұрынғы басшылыққа қатысты тергеуді аяқтады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның бұрынғы басшылары мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше:
- Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі ("Мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі ("Билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Ерғожин ҚК-ның 179-бабы 3-бөлігі ("Билікті күшпен басып алу") және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Өсіпов ҚК-ның 362-бабы 3-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану");
- Акипов және Бекмұрат ҚК-ның 362-бабы 1-бөлігі бойынша ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") сараланған.
Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатқаны айтылды.
"Іс материалдарымен танысу кезеңіне қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Садықұловқа 6 қазанға дейін, Ерғожинге 13 қазанға және Өсіповке 22 қазанға дейін ұзартылды", - делінген хабарламада.
Кәрім Мәсімов ісі: ҰҚК жаңа деректерді фотосымен жариялады
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также