14 ақпан 2022 19:53

ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 істі қарап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 істі қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 істі қарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов "қасіретті қаңтар" оқиғасын тергеп-тексеру жұмыстарының барысы және рұқсат етілмеген тергеу әдістеріне қатысты азаматтар мен құқық қорғаушылардың мәліметтері негізінде қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бүгінде 3 070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет берілді. Оның 2710-ын,  соның ішінде, негізінен, ұрлық, тонау, бұзақылық, қару ұрлау және басқа да қылмыстарды ішкі істер органдары тергеп-тексеріп жатыр.

Реклама
Реклама

Бас прокурордың айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардың шағымдары бойынша 173 істі жүргізіп жатыр. Мемлекетке опасыздық жасау, өкілеттіктерді асыра пайдалану және билікті басып алуға әрекет ету бойынша 15 іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарауында. Сондай-ақ арнаулы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша 179 істі тексеріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram