ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 шілде 2022 12:13
ҰҚК Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда есірткі каналын жою бойынша арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі сілтеме жасап.
26 шілдеде ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі психотроп заттарды сатуға қатысы бар күдікті елордалық тұрғынды ұстаған.
"Процестік іс-шара барысында заңсыз айналымнан 1,5 келі "мефедрон", 1,4 келі "альфа-PVP" және 659 таблетка МДМА ("экстази" ретінде белгілі) тәркіленді. Тергеу есірткіні астана орталығында жалдамалы пәтерде орап, Интернет арқылы тұрақты түрде сатылғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бап бойынша 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі және психотроптық заттарды заңсыз таратуға қарсы жұмыстарды жалғастырып жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу