20 мамыр 2020 | 12:48

ҰҚК: Нұр-Сұлтанда әйел заңсыз есірткі зертханасын ашқан

© ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз есірткі зертханасының жойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 13 мамырда ҰҚК-нің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жасырын тергеу іс-қимылдарын жүргізу кезінде уақытша тұрғылықты жерінде синтетикалық есірткі жасауды және оларды "қойылма" деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған С деген ҚР азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ҰҚК мәліметі бойынша, жасырын есірткі зертханасын тінту нәтижесінде шамамен 2 келі "A-PVP" синтетикалық есірткісі ("қара нарықтағы" құны шамамен 34 миллион теңге), орау материалдары, шыны құтылар, магнит араластырғыш, сорғылар, түтікшелер, шыны цилиндрлер, респираторлық бетперделер, электрондық таразы, 2 келі реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де айлабұйымдар алынған.

Күдікті азаматша ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан ПД УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная