ҰҚК операциясы: Whatsapp пен Telegram арқылы хабарлама таратқан ОҚО-ның 11 тұрғыны ұсталды

ҰҚК операциясы: Whatsapp пен Telegram арқылы хабарлама таратқан ОҚО-ның 11 тұрғыны ұсталды © ҚР ҰҚК

Whatsapp пен Telegram ар?ылы хабарлама тарат?ан О?О-ны? 11 т?р?ыны ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Whatsapp пен Telegram арқылы хабарлама таратқан ОҚО-ның 11 тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 16 қарашада ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарымен бірге операция жүргізді. Оның шеңберінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды.

"Көрсетілген адамдар Whatsapp, Telegram мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде "ДАИШ" және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан. Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Жарнама
Жарнама

Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама