05 сәуір 2019 | 12:51

ҰҚК Шымкентте арнайы операция жүргізді: 6 адам ұсталды

© knb.gov.kz

ҰҚК-ның Шымкент бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесіндегілер жергілікті бизнесмендерден ірі сомадағы ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспассз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК-ның Шымкент бойынша департаменті Ұлттық ұланның арнайы бөлімшесіндегілер жергілікті бизнесмендерден ірі сомадағы ақшалай қаражатты қорқытып алумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 6 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспассз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қылмыстық топтың мүшелері бірқатар зорлық-зомбылық, оның ішінде атыс қаруын қолданумен қылмыстар жасады деген күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

"Ұйымдасқан қылмыстық топтың негізін бұрын ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше мәрте сотталған деструктивті діни ағымды ұстанушылар құраған. Банда мүшелерін ұстау олардың кезекті кәсіпкерден күш қолданумен және оның өміріне қауіп төндірумен 10 000 АҚШ долларын қорқытып алу сәтінде жүзеге асырылды", - деп хабарлады комитеттегілер.

ҰҚК мәліметінше, бірқатар тінту жүргізіліп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қару-жарақ арсеналы бар жасырын орын анықталды, 5 бірлік атыс қаруы және оларға оқ-дәрілер алынды.

Қазіргі уақытта олардың діни себептер бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының ықтимал фактілері тексеріліп жатыр.


© knb.gov.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная