ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қыркүйек 2021 | 10:50
ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті
Қазақстан ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, департамент қызметкерлері тұрғын үйден жалған құжаттар (026/у нысанына сәйкес диагноз бен емделу мерзімін растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПЦР-тестілер) жасайтын "жасырын" цех ашқанын анықтаған. Оларды короновирус пандемиясына байланысты карантин шектеулері қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту үшін Қазақстан азаматтарына сатқан.
Жүргізілген тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрлері, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР-тестілерінің қорытындылары алынды.
ҚР ҚК-ның 394-бабы 2-бөлігі ("Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған заңсыз көші-қон") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также