ҰҚК Тараз тұрғынын ұстады

© ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша Департамент өкілдері аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді гашиш есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды. 2019 жылы 9 қазанда ер адамның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 келі гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды", - делінген ҰҚК сайтында.

Реклама
Реклама

Комитет мәліметінше, 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Исмайлов кінәлі деп танылып, қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама