ҰҚК үш қазақстандықты ұстады

viewings icon 446
comments icon 0
Фото: ҰҚК Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Маңғыстау облысында үш қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Маңғыстау облысында үш қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылдың 20 желтоқсанында ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті.

"Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды. Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін, қарашада ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 келіден астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылған.

Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілңп жатқаны айтылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная