27 ақпан 2020 | 17:33

Үкім оқылып жатқанда адвокатты "жөтел қысты"

Алматыда қонақүйде бір жарым жасар қызын өлтірді деп айыпталып жатқан ұлыбританиялық Баракат Мохамедтің адвокаты Айгүл Ербөлекова сот үкімі шығатын кезде Tengrinews.kz тілшісіне жөтелмен кедергі келтірмекші болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қонақүйде бір жарым жасар қызын өлтірді деп айыпталып жатқан ұлыбританиялық Баракат Мохамедтің адвокаты Айгүл Ербөлекова сот үкімі шығатын кезде Tengrinews.kz тілшісіне жөтелмен кедергі келтірмекші болды.

Бүгін, 27 ақпанда Баракат Мохамед соттың қамау мерзімін ұзарту туралы шешіміне шағым түсірген. Tengrinews.kz тілшісі сот отырысына қатысқан болатын.

Реклама
Реклама

Қатысушылардың барлығы залға кіргенде адвокат Айгүл Ербөлекова соттан үшінші тұлғалардың залдан шығып кетуін сұраған. Олардың ішінде Tengrinews.kz тілшісі де болған. Сот болса оған залда журналистердің де отыруға болатынын айтқан.

Осы сөзден кейін айыпталушының адвокаты телефонын алып, барлығын видеоға түсіре бастап, журналист отырған жаққа барып, сот отырысын тыңдауға кедергі келтірген. Ал сот үкімі шығатын кезде адвокат жөтеле бастаған.

Сот болса, тілшінің өтінішіне қарамастан, үкімді әрі қарай оқи берген. Мұның барлығы видеоға түсірілді.

Мұның алдында соттың адвокат берген өтінішті қанағаттандырмағаны айтылған болатын. "Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының Баракат Мохамедке қатысты шығарған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Үкімге шағым түсірілмейді", - деген еді апелляциялық алқа соты.

Еске салайық, бұл оқиға былтыр 24 қазанда InterContinental қонақүйінде болған еді. Таңғы сағат 06:00-де фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естілген. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген.  Бас жарақаттарын алған қызды құтқару мүмкін болмаған. Күдікті - Лондонда туған 41 жастағы Мохамед Баракат, Hong Kong Air Cargo әуе компаниясының ұшқышы. Ол қамауға алынды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная