21 маусым 2023 | 11:01

ҰҚТ 350 мың автокөлікті заңсыз тіркеген: сот үкімі шықты

Антикор көліктік бақылау саласындағы ҰҚТ мүшелеріне шыққан сот үкімі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикор көліктік бақылау саласындағы ҰҚТ мүшелеріне шыққан сот үкімі туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көліктік бақылау саласындағы ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарды.

Реклама
Реклама

Сот үкімімен Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Қ. Құдайбергенов және оның сыбайласы Б. Шумбасова 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, басқарған, диагностикалық карталарды қолдан жасап, техникалық тексеруден өту туралы ақпараттық жүйеге жалған ақпарат енгізді деп айыпталды.

ҰҚТ-тың басқа он үш қатысушысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды, тағы 4 адамның 2 жылға бостандығы шектелді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот үкімі бойынша басқа лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Барлығы олар 350 мыңға жуық автокөлік құралын заңсыз тіркеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная