ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2019 | 11:25
Ұлтаралық араздықты қоздырды деген алматылық қамауға алынды
Ұлтаралық араздықты қоздырған виедоны түсірген Алматы тұрғыны екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлтаралық араздықты қоздырған виедоны түсірген Алматы тұрғыны екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Манас Бистаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша күдікке ілінді. 22 ақпаннан бастап Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Алматы полициясы департаменті тергеу басқармасы тергеушісінің Манас Бистаевты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырды. Қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 20 ақпанынан бастап есептеледі", - делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаменті қоғамда ұлтаралық араздықты қоздырды деген тұрғынға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
Показать комментарии
Читайте также