12 сәуір 2023 | 17:58

Ұлттық экономика вице-министрі Өсеров үйқамаққа алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үйқамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров үйқамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы басшысының күдікті И.Өсеровке қатысты екі ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасарымен келісілген өтініші келіп түсті. Жоғарыда аталған өтініш қанағаттандырылып, күдіктіге қатысты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 10 маусымына дейін бұлтартпау шарасы қолданылды", - деді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровке қатысты тергеу басталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная