05 желтоқсан 2019 | 18:03

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысының төрт тұрғынын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының арнасы әшкере болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі контрабандасының арнасы әшкере болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҰҚК Ақмола облыстық департаменті Нұр-Сұлтаннан PVP ("тұз", "ұн", "мұз" және "кристалл") синтетикалық есірткісін тасымалдаған топты құрықтады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

6 қарашада Ақмола облысының аймағында әлеуметтік желі және интернет-ресурстары арқылы есірткі тасымалдаған 4 тұрғын ұсталды.  

Ұсталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан 300 грамм PVP синтетикалық есірткісі, зат қалдықтары бар контейнерлер, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттер, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар және электрон таразылар тәркіленген. 

"ҰҚК Ақмола облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Ұсталған адамдар Көкшетау полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді комитет өкілдері. 


© ҰҚК


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная