29 мамыр 2022 | 13:20

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды - Антикор

Арыстанбек Мұхамедиұлы. © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді", - делінген хабарламада.

28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная