ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2019 | 09:28
"Ұлттық тестілеу орталығы" директорының бұрынғы орынбасары пара ретінде көлік алған
"Ұлттық тестілеу орталығының" бұрынғы директорымен қоса істі болған орынбасары Дархан Жақсыбеков құны 9 миллиондай болатын "Toyota Camry" көлігін пара ретінде алған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оның өтемі ретінде аймақтарда бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру кезінде "ProBusineSS.kz" серіктестігінің мүддесін қорғауды өз мойнына алған. Сот оны кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
"№ 2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Дархан Жақсыбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, яғни ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Показать комментарии
Читайте также