Ұлттық бюро: Атырауда шенеунік пойыз бригадирлерінен пара алған

© Tengrinews.kz

Атырауда К?ліктегі ?о?амды? денсаулы?ты са?тау бас?армасыны? басшысы парамен ?шкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Атырауда Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы парамен әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаменті Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы И.В. Шиннің бірнеше рет пара алғанын әшкереледі", - деп хабарлады ұлттық бюродағылар.

Ведомство мәліметінше, күдікті жолаушылар пойызындағы бригадирлерден олардан санитариялық-эпидемиологиялық ереже бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алып отырған.

Реклама
Реклама

"29 қыркүйекте соттың шешімімен И.В. Шин қамауға алынды. Алған парасының жалпы сомасы - 824 000 теңге. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Ұлттық бюродағылар.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама