Ұлттық бюро лауазымды тұлғаларды ұстады

© Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жем?орлы??а ?арсы іс-?имыл ?лтты? бюросында?ылар пара алды деген к?дікпен бірнеше лауазымды т?л?аны ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар пара алды деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің мәліметінше, Ақмола облысында құрылыстық мердігерлік шартын жасауға қол ұшын беру үшін 2,5 миллион теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда табу күдігі бойынша Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Қалабаев Ж.-ның қылмысы әшкереленді.

Сондай-ақ, Алматы қаласында Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бекеті бөлімінің басшысы Шегай С. ұсталды. Ол кәсіпкерден 5,5 миллион тенге мөлшеріндегі анықталған кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шараларды қолданбау үшін 3 мың доллар пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта екі лауазымды тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама