02 наурыз 2023 09:16

Ұлытау облысында пәтер ұрылары ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлытау облысының полицейлері ұйымдасқан екі ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысының полицейлері ұйымдасқан екі ұрыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 ақпанда Ұлытау облысы Жезқазған полиция басқармасына 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол бейтаныс біреу пәтеріне кіріп, бағалы заттарды - екі фотоаппарат, қораптағы гитараны ұрлап кеткенін айтты.

Келтірілген шығын 600 мың теңгеден асқан. Ұры пәтерге балконның пластикалық есігін ашып кірген.

Реклама
Реклама

19 ақпанда Жезқазған полициясына тағы бір жәбірленуші жүгінген. Ол жерден құндыз тон, былғары күрте және әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын - 3,6 миллион теңге.

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Олар Сәтбаев қаласының 35 және 38 жастағы екі тұрғыны болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодесінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram