ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2023 | 10:38
Ұлытауда әлеуметтік мекеме басшысы зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардың қаражатын ұрлаған
Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлытау облысында әлеуметтік мекеменің басшысы зейнеткерлер мен мүгедектердің қаражатын ұрлаумен айналысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік мекеменің басшысы мен қызметкерлерінен құралған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА аумақтық департаменті әшкерелеген.
"Қазіргі уақытта жалпы сомасы 12 миллион теңгеден астам аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік мекеме қызметкерлерінің тұрғылықты мекен-жайларын тінту кезінде қариялардың 799 000 теңге көлеміндегі зейнетақы төлемдері, оларға тиесілі банк карталары, сондай-ақ аталған тұлғалардың қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін басқа да заттар мен құжаттар тәркіленді.
Толық және жан-жақты тергеуге кедергі келтіру, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыру және жою әрекеттеріне байланысты аталған мекеменің басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также