ҰҚК экс-басшысының қамау мерзімі ұзарды

??К экс-басшысы Н?ртай Д?тбаевты? ?амау мерзімі ?зарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК экс-басшысы Нұртай Дүтбаевтың қамау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылдың 14 наурызында Астананың Есіл аудандық №2 соты күдіктілер Дүтбаев Нартай, Хасенов Нұрланның, Ерлан Нұртаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 26 мамырына дейін ұзартты", - делінген хабарламада. 

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны жайлы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда. "Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 185-бабының 3-бөлімінде ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабының 3-бөлімінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК төрағасы қызметін атқарған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама