ҰҚК экс-қызметкері 8 жылға сотталды

© Тұрар Қазанғапов

?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? экс-?ызметкері 8 жыл?а сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? сотыны? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-қызметкері 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 2017 жылдың тамыз айында ҚР ҰҚК жедел-тергеу тобының тергеушісі А.Шотай ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу барысында аға тергеушіден ақша алған. Ол ақшалар Министрліктегі лауазымды тұлғалардың бірінің үйін тінту кезінде анықталып, тәркіленген.

Алайда А.Шотай осы ақшалар жөнінде процессуалдық шешім қабылдамай, қызметтік бабын пайдалана отырып, ақшаны өз мүддесіне жұмсаған.

Реклама
Реклама

Осылайша, оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан ҚР ҰҚК-не 9 760 000 теңге немесе 125 900 доллар көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Есіл ауданының №2 сотының шешімімен, А.Шотай ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол "аға лейтенант" атағынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама