ҰҚК: Қарағанды облысында радикал діни топ өкілдері ұсталды

Қарағанды облысында радикал діни топ іс-әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында радикалды діни топ іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды", - делінген хабарламада.

Бұл адамдардың террорлық топ құру және оның әрекеттеріне қатысқаны, сондай-ақ терроризмді насихаттағаны бойынша күдікке ілініп отырғаны айтылады. 

Реклама
Реклама

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде, басқа мәліметтер тергеу мақсатында жарияланбайды екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама