ҰҚК терроризм дерегі бойынша 5 адамды ұстады

Сурет ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен

Қарағанды мен Таразда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды мен Таразда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 5 адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҰҚК мәліметінше, ұсталғандар - деструктив діни ағымының ерушілері. Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Сот санкциясымен олар екі айға қамауға алынды.

"Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу" (ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы), сондай-ақ "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру" (ҚР ҚК 256-бабы) деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Тергеу болжамы бойынша, топ Қазақстан аумағында, соның ішінде адамдар көп жиналатын жерлерде террористік акт жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама