ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 13 тамыз 2015 17:44
ҰҚКД қызметкерлері Астанада терроризмді насихаттады деген күдікпен үш адамды ұстады
ҰҚКД қызметкерлері терроризмді насихаттады деген күдікпен Астананың үш тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар 10 тамызда қолға түсті.
"Ұсталған тұлғалардың Қазақстан азаматтарын халықаралық террористік ұйымдардың жағында соғысқа қатыстыру мақсатында шетелге шығару, сондай-ақ жасырын жиындарда терроризм және діни экстремизм идеяларын насихаттағандығы туралы мәліметтер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуге негіз болды", - деп жазылған хабарламада.
12 тамызда Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты Қылмыстық кодекстің 256-бабы "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актін жасауға жария түрде шақыру" бойынша қылмысқа барды деген күдікпен оларды 2 айға қамауға алу туралы үкім шығарды.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу