ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 14 мамыр 2018 09:09
Ұрланған қыздың видеосы тарап жатыр: Полиция оқиғаның мән-жайын айтты
?леуметтік желілерде ?рлан?ан ?ызды? видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. О?О ІІД Мемлекеттік тіл ж?не а?парат бас?армасыны? ?кілдері о?и?аны? м?н-жайын айтты.
Әлеуметтік желілерде ұрланған қыздың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.
Олардың айтуынша, қызды қалыңдыққа алып қашқан. "Жақында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ОҚО-да орын алған орамжапырақ сатушы қызды ұрлап бара жатқан бейнематериал жарық көрді. ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасы ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ. Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты", - делінген хабарламада.
Ал өз кезегінде, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапкершілікке тарту бойынша арызданбақшы.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу