Ұрылар өздері мал сатып алған жалған ақшасын ұрламақ болған

Ұрылар өздері мал сатып алған жалған ақшасын ұрламақ болған © Tengrinews.kz

Солт?стік ?аза?стан облысында к?лкілі жа?дай болды. Полицейлер шаруалардан ірі к?лемде ?аражат ?рлады делінген ?ш к?діктіні ?стады. А?мола облысыны? т?р?ындары бірінші жал?ан а?ша?а б??аларды сатып ал?ан, артынша сол а?шаны ?айтадан ?здері ?рлап кеткен. Келтірілген залал м?лшері он миллион те?ге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында күлкілі жағдай болды. Полицейлер шаруалардан ірі көлемде қаражат ұрлады делінген үш күдіктіні ұстады. Ақмола облысының тұрғындары бірінші жалған ақшаға бұқаларды сатып алған, артынша сол ақшаны қайтадан өздері ұрлап кеткен. Келтірілген залал мөлшері он миллион теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс материалдары бойынша, Ақмола облысының үш тұрғыны Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайыншы ауданына келген. Фермерлік қожалықтан олар екі бұқаны 400 000 мың теңгеге сатып алған. Олар сувенирлік купюраларды ұстатып кеткен. Сатып алғаннан кейін, олар тонауға кіріседі. Фермердің тығып қойған жерінен олар 5 500 000 теңге тауып алады, алайда жалған ақша онда болмай шығады. Сосын олар тағы да іздей бастайды. 

"Таңғы уақытта қожалық иелері өз жұмыстарына кіріскен уақытта қылмыскерлер терезеден үйге кіріп, қаражатты иемденген. Алайда олар мұнымен тоқтамаған. Өздері берген жалған ақшаны тағы іздей бастайды. Келесі күні қаскөйлер сол үйге қайтып барады. Жалпы көлемде олар он миллион теңгеге жуық қаражатты ұрлап кетеді - фермерлер бұл қаражатты бір маусымда жинаған", - деді СҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Күдіктілер Ақмола облысында ұсталған, олар Көкшетау қалалық тергеу изоляторына қамалды. 

Қылмыс деректері үшін сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі ("Ұрлық") және 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды. Күдіктілер он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама