Үш жасар қыз баланы өлтірді деген күдіктіге сот үкімі шықты

Сәтбаев қаласында үш жасар қызды өлтірген әйелге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәтбаев қаласында үш жасар қызды өлтірген әйелге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("аса қатыгездiкпен жасалған көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру") бойынша әйелді кінәлі деп тапты. 

"Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында оның кінәсі толық дәлелденді және өзі де барлығын мойындады. Ол кінәлі деп танылды және оған 20 жылға (ең қатаң жаза) бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды", - деді сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Реклама
Реклама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салайық, қылмыс 2019 жылы қарашада болған. Сәбидің әкесі көрші әйелге қызын қарауды сұраған. Баланың ата-анасы бұрындары да баланы әйелге қалдырып кететін болған, алайда мұның салдарынан қайғыдан қан жұтамыз деп еш ойламаған. Сол күні сотталушы мас күйде болып, баламен оңаша қалған, сөйтіп оған пышақпен шабуыл жасаған. Әйел сәбиге 15 рет пышақ ұрған. 

Тергеу барысында әйелдің ашулануына қыз баланың DVD-плеер мен антеннаны құлатуы себеп болғаны анықталған. 

Полицияға қылмыс туралы әйелдің азаматтық некедегі күйеуі хабарлаған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама