Үш өзбекстандық карантин кезінде Алматыға жұмыс іздеуге келген

Фото:polisia.kz

Карантинде Алматыға кіргісі келген үш өзбекстандық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантинде Алматыға кіргісі келген үш өзбекстандық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Алматы аумағында төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бақылау-өткізу бекеттерін заңсыз айналып өтудің жолын кесу фактілері жалғасып жатыр.

"Жақында Алатау ауданында үш өзбекстандық ұсталды. Олар Боралдай ықшамауданында орналасқан №3 постты айналып өтіп, қалаға кіруге тырысты. Алайда бұл әрекет нәтиже бермеді. Ер адамдардың Алматыға жұмыс іздеп келгені және олардың карантин туралы білмегені анықталды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шетелдіктерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы ("Төтенше жағдайды бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты және әкімшілік қамауға алды", – деп хабарлады Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама