Үш ведомствоның арнайы операциясы: шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхананы жойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхананы жойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстанның үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады.

"Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында, кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Реклама
Реклама

Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің "Deep Web, Darknet" көлеңкелі сегментінің платформасында "қойылма" деп аталатын жолмен жүзеге асырылғаны хабарланды.

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.

Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама