ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2022 | 17:50
Үштөбеде зиратты қиратқан күдікті ұсталды
Полицейлер Үштөбе қаласындағы зираттарды қиратты деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Полицейлер Үштөбе қаласындағы зираттарды қиратты деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Психикасының бұзылуынан зардап шегетін Үштөбе қаласының 34 жастағы тұрғыны жерлеу орындарын қиратты деген күдікке ілінді. Ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығы куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша тағайындалған сараптаманың нәтижелерімен расталады.
Зираттарды қорлау қылмысы 16 қаңтарда орын алғаны анықталды. 14 жерлеу орны бүлінген және қираған, олардың металл қоршаулары қиратылып, ағаш және темір кресттер сындырылған. Құлпытас жазбалары мен ескерткіш гүл шоқтары жан-жаққа шашылған. Күдіктінің әрекетінен зардап шеккен зираттар қорымның шет жағында орналасқан. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Тексеру барысында ұрлық деректері анықталған жоқ.
Күдіктінің 60 жастағы анасы қала тұрғындарынан бала кезінен ауыр психикалық ауытқудан зардап шегетін ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.
Қаратал ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы "Тағылық" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдіктінің психикалық жай-күйін ескере отырып, ұсталған адам облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырды. Дерек бойынша тергеу іс-шаралары Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также