Ұсталған Жоғарғы Кеңес депутатының Қазақстан азаматтығы бар болып шықты

Депутат Дамирбек Асылбекуулу. © 24.kg

?аза?станда ?стал?ан ?ыр?ыз Республикасы Жо?ар?ы Ке?ес депутаты Дамирбек Асылбекуулу ?аза?станды? болып шы?ты. Б?л туралы ?Р ІІМ Мемлекеттік тіл ж?не а?парат департаменті директоры Алмас С?дубаевті? Tengrinews.kz тілшісі жолда?ан сауал?а берген жауабында айтылады.

Қазақстанда ұсталған Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңес депутаты Дамирбек Асылбекуулу қазақстандық болып шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Сәдубаевтің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

ІІМ өкілінің айтуынша, ер адам - Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы, ұлты қазақ. Кәмелет жасына толған кезде туу туралы куәлігінің негізінде ҚР аумағы азаматына берілетін жеке куәлік пен паспорт берілген.

2010 жылы құжаттарының мерзімі аяқталуына байланысты қайтадан Қазақстан Республикасы азаматы ретінде құжат алған.

Реклама
Реклама

"Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы өтініш бермеген. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама