ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2019 | 11:26
Ұялы телефонның IMEI-кодын өзгерткен алматылық ұсталды
Алматының құқық қорғау органдарының өкілдері Hi-Tech операциясын өткізді, ол киберқылмыспен күресуге арналған іс-шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматының құқық қорғау органдарының өкілдері Hi-Tech операциясын өткізді, ол киберқылмыспен күресуге арналған іс-шара, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің өкілдеріне сілтеме жасап.
"Операцияны өткізу барысында киберқылмыспен карсы күрес бөлімінің қызметкерлері сауда үйлердің бірінде абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгерткен Г. есімді ер адам ұсталды. Ол құрылғы сату барысында бастапқы IMEI-кодын келесі цифрға өзгерткен: 000 000 000 000 000. Ұсталаған адамның ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабына сәйкес қылмыс жасағаны анықталып отыр. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының басшысы Есен Исқаков.
Оған қоса желі арқылы алаяқтық жасаған деген күдікті ұсталды. Ол жалған есіммен Instagram желісінде парақша ашып, ол жақта жалған компанияның криптовалюта мен биржа инвестициясын жасайтыны туралы жалған мәліметтер жазған. Күдікті құйылған ақшаны бірнеше еселеп қайтаратынын айтқан, ол 30 000 теңгеден бастап 100 000 теңгеге дейін ақшаны QIWI-әмиянға аударуды ұсынған. Кейін ол ақша аударған адамдарды желіде бұғаттаған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған күдіктінің ұсталғанын айтты. Қазіргі уақытта одан қанша адам зардап шеккені анықталып жатыр.
Показать комментарии
Читайте также