17 мамыр 2022 07:17

Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрация: slovodel.com

Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үйін дуадан тазартпақ болған шымкенттік 4,5 миллион теңгесінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі жергілікті азаматша үйін дуадан тазартпақ болып алаяқтарға алданып қалған. Екі жағдайда да алаяқ қайыр сұрап үйлеріне барған. Есікті ашқан бойда әйел тылсым күштер бұл үйде дуа барын сыбырлап жатқанын және оны тез арада тазартпаса қайғы-қасірет болатынын айтып қорқытқан.

Келісім бергендеріне алтын, күміс секілді бағалы заттарын алдырып, тазартатынын жеткізген. Содан зергерлік заттарды қолына ұстаған күйі үйді айнала жүріп, біраз уақыттан соң ізін суытқан.

Реклама
Реклама

Келтірілген шығынның жалпы сомасы - 4,5 миллион теңге.

Жәбірленушілер полицияға хабарласқан соң, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.

"Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын тексергеннен кейін күдіктінің таксиге отырғанын анықтады. Жедел қызметкерлер көліктің нөмірі бойынша такси жүргізушісінің жеке басын анықтап, сұхбат жүргізді. Ол әйелді үйіне жеткізіп салған болып шықты. Тәртіп сақшылары жалған көріпкелді тұрғылықты жері бойынша ұстады", - деді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері. 

Бүгінде "Алаяқтық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram