ПОДЕЛИТЬСЯ
03 шілде 2020 | 11:33
Үйінде қарасора өсірген Ақтөбе облысының тұрғыны ұсталды
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында заңсыз қарасора егілгені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Хромтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып "Қарасора-2020" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 53 жастағы Хромтау ауданының тұрғыны өз үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар, тыйым салынған өсімдіктерді (қарасора) заңсыз өсіретінін анықтады. Полиция қызметкерлері үй маңындағы учаскеден 19 түп қарасора тәркіледі. Сараптама тағайындалды.
Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске салайық, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру және егу және есірткіні тарату үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полицейлер тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также