ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қазан 2020 | 08:09
Үйір жылқыны ұрлап бара жатқан ер адам далада ұсталды
Қарағанды облысында үйір жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысында үйір жылқыны ұрлаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
7 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері "Учаске" және "Мал ұрлау" шұғыл-іздеу шарасын жүргізді. Олар сағат 22.00-ге қарай ондаған жылқының даладан тез жүріп бара жатқанын байқайды. Бұл күдік туғызады және полицейлер үйір жылқыны ұрлап бара жатқаны ұрыны ұстайды.
"Басында ол өз жылқысын алып бара жатқанын айтты. Полицейлер жергілікті шопандарды жақсы таниды, сондықтан оның ұры екенін бірден білді. Ұсталған азамат Шығыс Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны екен. Бұған дейін ішкі істер органдарының тіркеуінде болған", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.
Ол 40 минут бұрын қыстаудың жанындағы 30 жылқыны ұрлағаны анықталды. Зардап шеккен 47 жастағы ауыл тұрғыны бір үйір жылқысының ұрланғанын білмеген.
ҚР ҚК "Мал ұрлау" бойынша 188-1-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также