01 тамыз 2022 | 12:06

Ұйымдасқан қылмыстық топ IT маманын майнингке мәжбүрлеген

Дина Шарипханова Корреспондент
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысының Талғар ауданында ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз майнингтен ақша тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Талғар ауданында ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз майнингтен ақша тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстары аумағында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Барлығы 23 адам ұсталған.

"Олардың бақылауындағы заңсыз майнинг фермаларының қызметі есебінен Алматы облысының Талғар ауданы аумағында қылмыскерлер ай сайын 300-500 мың доллар көлемінде пайда тапқан.

Қылмыскерлер IT-технологиялар саласындағы 36 жастағы маманды қылмыстық есептегішке отырғызып, қорқытып, майнинг фермалары жұмысын ұйымдастыруға мәжбүрлеген", - деді ІІМ өкілдері.

Реклама
Реклама

Жедел қызметкерлер заттай айғақтар мен қылмыс құралдарын, қара бухгалтерияны, сондай-ақ жалпы сомасы 7 миллион долларға жуық майнинг фермалары жұмысына арналған 6 мыңнан аса құрал-жабдықты, "Макаров" тапаншасын және үш жалған мемлекеттік нөмірді тәркілеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная