Uzi пулеметі, тапаншалар: Ақтауда күдікті топ анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден аса оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді UZI моделінің пулеметі тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная