05 тамыз 2022 11:22

Ұзынағашта атыс болып, бір адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында атыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ жарақатымен үш жергілікті тұрғын жеткізілген. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөліміне жеткізілгеннен кейін қаза болған.

"Полицейлер дереу деректің барлық мән-жайын анықтауға және қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстауға бағытталған шараларды қолға алды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жоспар жарияланып, аймақтық полиция бөлімшелерінің жеке құрамы күдіктілерді ұстауға жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, оқиға бір топ жергілікті тұрғындар арасында болған. Қазіргі уақытта күдіктілердің бәрі анықталған, енді оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Сурет: Tengrinews.kz©

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram