ПОДЕЛИТЬСЯ
09 тамыз 2021 | 13:07
Вакцинация паспорты және ПТР-ді қолдан жасаған 20 медицина қызметкері ұсталды
20 медицина қызметкері вакцинация паспорты және ПТР-анықтамасын қолдан жасады деп айыпталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
20 медицина қызметкері вакцинация паспорты және ПТР-анықтамасын қолдан жасады деп айыпталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кездесу кезінде министр жалған медициналық құжаттарды ұсынудың барлық схемалары анықталғанын айтты. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация төлқұжаттарын дайындаумен және сатумен айналысқан. Оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру дерегінің жолы кесілді", - деді Нұрділдә Ораз ІІМ брифингінде.
Оның айтуынша, жалған ПТР-анықтамасын, жалған вакцинация паспортын сатумен айналысқан 28 адам ұсталды. Оның ішінде медицина қызметкерлері - 20, делдалдар - 8. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды.
"Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптасты, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шықты. 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істі тергеу бақылуға алынған", - деді Нұрділдә Ораз.
Жыл басынан бері полицейлер 110 қылмыстық іс қозғағанын. Оның ішінде 50 – вакцинация паспорттарын қолдан жасау, 60 - ПТР-анықтамаларын қолдан жасау.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также