05 наурыз 2024 | 14:29

Валерия Шалнованың өлімі: айыпталушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды

Валерия Шальнова. Фото: © lada.kz

Бүгін, 5 наурызда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 21 жастағы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлады деген күдіктіге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 5 наурызда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты 21 жастағы Валерия Шалнованы өлтіріп, зорлады деген күдіктіге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

8 айға созылған тергеу мен сот ісін айыптау үкімімен аяқтады. Зардап шеккен тараптың адвокаты мен оның туыстарының айтуынша, судья сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды. Валерияның туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған.

Бұл шешімге зардап шеккен тараптың адвокатының да көңілі толған. Үкім бүгін ғана шыққан және заңды күшіне енген жоқ. Адвокат Ажар Әбділ алда апелляциялық процестерді күтеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі "Кісі өлтіру" деп өзгертті. 13 қазанда іс материалдары сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная