24 қараша 2018 14:32

Вице-министр Анатолий Шкарупамен бірге тағы екі адам қамауға алынды

Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупамен бірге "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқармасының экс-төрағасы Қайсар Байдалы мен "ENERCO" ЖШС директоры Ерлан Нәбиев қамалды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура сот санкциясымен энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бұрынғы міндетін атқарушы Қайсар Байдалыны және "ENERCO" ЖШС директоры Ерлан Нәбиевті қамауға алды.

Реклама
Реклама

Олар "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры" акционерлік қоғамы Қарағанды облысы Саран қаласында жылуды есептеу құрылғысын бекітуге бөлген бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бар.

Бұл қор Саран қаласында орталық жылытуы жоқ болса да "ENERCO" ЖШС-ға 215 миллион теңгеден аса қаржыны аударған.

Қаражат жалған кәсіпорындар арқылы қолға алынып, қылмыс жасаушылар арасында бөлінген.

Бұған дейін энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram